Қолдау
support@saghansoft.kz мекенжайына жазыңыз. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, әдетте екі жұмыс күні ішінде жауап береміз.
Мәселені тезірек анықтау үшін хатта көрсетіңіз:
- бағдарламаның атауы мен нұсқасы (бағдарламада: «Анықтама → Бағдарлама туралы»);
- құрылғы мен жүйе: телефонның немесе компьютердің үлгісі, Android, iOS немесе Windows нұсқасы;
- не істедіңіз, нені күттіңіз және не болды.
MAMFOUR
Менің деректерім қайда сақталады?
Тек сіздің құрылғыңызда, бағдарламаның дерекқорында. Бізде сіздің деректеріңіздің көшірмесі жоқ, сондықтан оларды біздің тарапымыздан қалпына келтіру мүмкін емес — бағдарламаның өз құралдарымен сақтық көшірмелер жасаңыз.
Мәселе туралы қалай хабарлауға болады?
Бағдарламада «Анықтама → Мәселені хабарлау» тармағын таңдаңыз. Бағдарлама жұмыс журналы бар мұрағат жинайды; журналдағы жеке деректер жасырылады, ал мұрағаттың құрамы жібермес бұрын көрсетіледі. Мұрағат өздігінен ешқайда жіберілмейді: оны жіберу-жібермеуді өзіңіз шешесіз және «Бөлісу» арқылы жібересіз — мысалы, support@saghansoft.kz мекенжайына хатпен.
Интернет немесе тіркелгі қажет пе?
Жоқ. Бағдарлама желіге қосылмай және тіркелусіз жұмыс істейді.
Деректерімді қалай жоюға болады?
Бағдарламаны жойыңыз; компьютерде — оның деректер қалтасын да. Біздің серверлерде сіздің деректеріңіз жоқ. Егер бізге хат жазған болсаңыз, хат алмасуды жоюды сұрай аласыз — Құпиялылық бетін қараңыз.